+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



ТІЛСІЗ ТІЛЕКШІМ


Дағдарыс кеулеп, ел еңсесі түскен Ресейде  бір кейуана дүкендегі сөреден бағасы арзан, жылтырақ чайникті  киімінің ішінен қолтығына қапсырып алып шығамын деп ұсталған. Заты әйел ғой. Қызыққан шығар. Оны байқаған күзетшілер аясын ба? Қасқаның қолын қайырып, иесі арыз жазып, әлгі байғұс абақтыдан бірақ шығыпты. Содан, сот болатын болғасын іспен жіті танысқан атақты адвокат Федор Плевако «қорғаушысы мен боламын» деп мәлімдеген. Плеваконың шешендігінен, ділмарлығынан сот алқасы ғана емес, заңгер атаулысы тайсақтайды екен. Прокурор «айыптауын» оқып, дүкен иесі арызын айтып, куәгерлер шуласып болғаннан кейін судья «Кімнің айтары бар?» деп залға сауал тастаса, орнынан ілби тұрып Плевако сөз бастады дейді. «Что только Россия не пережила, голод, холод, позор, войну. Ну если сейчас Россия не будет судить эту бедную, обнищавшию старушку то упадеть она на колени»,- деп айтты дейді. Бір сәт зал сілтідей тынып, шыдамаған судья «Освовадите бабушку. И пускай заберет с собой этот чайник. Я буду за нее платить» деп айтты дейді. Осы әпсана секілді әңгіме бүгін еріксіз есіме түсіп отырғаны......

 

Осыдан жарты жыл бұрын Сәуле деген апай«Нұр-Астана» мешітінің  алдында қайыр сұрап тұр екен. «Балам, өзіңдей балам ауруханада жатыр. Жағдайы қиындап барады. Операцияға қаржы керек»,-дегесін жалт бұрылдым. Қалтамнан ілінгенін қолына ұстаттым. Сол жерде аурухана дәрігерлеріне хабарласып, баланың денсаулығын қадағалауды өтініш еттім. Сол апам бүгін де хабарласып тұр. «Мешіттің алдынан полиция ұстап алып қамап қойды»,-деді. Дереу әлгі телефонды қайта терсем «Кім боласыз? Өзі кінәлі»,-деп Рауан деген сақшы дікілдей жөнелді. Содан санасына төтеден құяр әлгі Плеваконың оқиғасын айтып бердім. Бірден жүні жығылды. «Сенің де туыстарың, бауырларың, көршілерің бар ғой. Олардың да басында осындай тағдыр бар шығар»,-деп едім биязы дауысымен Рауан «Аға, міне қазір босатып қоя беремін»,-деп жай ғана жауап қатты.  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

196

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз