+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



ӨМІРДІҢ ӨЛШЕМ БІРЛІГІ


Елтең-селтең  билікте жүрген кейбір мемлекеттік қызметтегі жігіттерді  аяймын.Обал мен сауапты білетін, парасаты түгел мықтылар онда да бар. Олар құрметке лайық. Алайда, ақылы жетпесе де қулық пен сұмдықты, көзіңше мақтап былай шыға даттап, азаматтығы сыналар тұста қасындағы әріптесін сатып, қажет жерде тез ғана... орысша айтқанда «переобуваться» ететін пенделер жетерлік. Қызметті өмірлік өлшем бірлігіне айналдырған ондайлар тар түйсігімен кең кабинеттердің  талай жердің емен-есігін жағалап жүр. Сол өмір сатыларынан Жұмабек Тәшенов ағамыз өтпеді ме? Өтті. Өткенде қандай,  екінші саңылауы әзер көрінетін  домна пешінің қақ ортасымен жалаң аяқ жүгірді. Сүрінді, сүріндірді. Алайда, қазақ деген ұлтын сатқан жоқ. Сол үшін Үкімет басшысы деген қызметтен кетті. Қазіргі кейбірлерде ондай  құндылық қалмаған. Бас пайдасына жарап жатса, асылық болса кешірер әкесі мен шешесін қосып сатып жіберуге дайын.       

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

182

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз