+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



ТӘШЕНОВТЕЙ ТУА МА ҚАЙТА ТҰЛҒА?!


Үкімет басшысы деген мансаптан ұлттық мүддені жоғары қойған Жұмабек ағай 5 ай жұмыссыз қалды. Онда да еңсесі түсіп, езілген жоқ. Ғылыми жұмыстармен айналысып, балаларының тәрбиесіне қарауға мүмкіндігі туды. Әдейі сұраусыз қалдырған билік «оның сағы сынып, қызмет іздеп, жалынып  өзі келеді»,- деп ойлады. Қателесіпті. Зайыбы Бәтес апай бәйтерегін құлатпады. Жұбатты, қолдады.Сонда не істеді...не жазды дейсіз ғой?! Алматыда үйсіз қаңғып, мысығы бар орыс кемпірлердің пәтерін жалдап жүрген әдебиет майталмандарына, танымал әнші, күйшілерге, әртістерге қаланың орталығындағы жаңа үйді бөліп берді. Орталық комитеттен үй аламыз деп дәмеленіп жүрген өзге өкіл партократтар сонан соң бұрқыратып Мәскеуге арыз жөнелтті. Ол арыз "Мемлекет мүлкін талан-таражға салды",-деген Тәшеновтің атына "кір" жағуға "жарады".

 

НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ   

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

288

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз