+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



«ЖАҚСЫНЫҢ АТЫ ӨЛМЕЙДІ...»


Жұмабек Тәшеновтің  қазақ ұлтына жасаған еңбегін тізіп тауысу мүмкін емес. Кеңес дәуірінде «обкомның атқамінерлеріне» кеткелі тұрған тұрғын үй кешенін тұтастай өнер, әдебиет қайраткерлеріне бергізді. Бибігүл Төлегенова, Шара Жиенқұлова,Құрманбек Жандарбеков, ақын Мағжан Жұмабаевың жесірі Зылиха апайға жаңа пәтердің кілтін ұстатты. Сол игілігі кейін қызметтен кетерде «мемлекеттік мүлікке орасан зор шығын келтірді»,- деп мойнына айып болып ілінді. Жұмекең ол үшін өкінген жоқ,еңсесі түспеді, биліктің етегінен ұстап, қызмет сұрап та жалынышты болмады. Тәшеновтің күшімен Алматыда цирк ғимараты да салынды.  

 

 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

210

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз