+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



«ОРАЗАЛЫ КІРІП КЕЛСЕ ҚАЙТЕР ЕҢ...?!»

Айтыс ақыны ОРАЗАЛЫ ДОСБОСЫНОВ туралы фильм!

Опубликовано Нурланом Сонгибайулы 6 июня 2015 г.

Кей ақынды сөзімді қиылып бастап, қинайтынын «жаман» әдетім бар. Отырап аламын. «Оразалы Досбосыновтың бүкіл болмысын ашатын төрт тармақ  яки бір шумақ өлең шығаршы»,- деп Маралтай ағамның сұхбат кезінде «есін алғанмын». «Не мазағың бар ма? Табанасты Оразға өлең шығармаймын»,- деп көзінен от ұшқындап, ақын ағам ашуын әзер басты.Көңілімді қимайтын қызылордалық  Оңталап Нұрмаханов деген мықты ақын бар. Соған шықтым. Телефонмен сөйлесіп отырып «Жаз, айтып отырамын»,-деп дем салған бақсыдай ентігіп,  салған жерден өлең шумақтарын  шығарды.

Өмір – теңіз,

Ой - терең,

Ардың сөзін

Айт өлең,

Айтыс-ауыл,

Ұры-қар,

Оразалы

Кіріп келсе қайтер ең?!-,

 

- деп бастады да айтыстың бүгінгі ахуалына сабақтастыра отырып, жыр-моншақтарын төгілдірді. Ойға жетелейтін өлең шықты. Ұрысы қайсы? Қарысы қайысы?-деп көкейді тырнайтын сауалдың жауабын көзі ашық, көкірегі ояу жұртшылық өзі де біледі, іші де сезеді. Ой ойға жетелейді. Кейде халықаралық журналистиканың тәжірбиесін қарап, сараптап отырамын. Естеріңізде ғой, 2011 жылы күзде Америкада терракт болып, тарыдай дөңгеленген әлемнің бір сәт есі шықты. Сол жерде болған журналист мынадай қорытындымен сөзін аяқтайды. «От развалившихся руин на улице было ужасно пыльно. Коммунальная служба не успевала  очистить целый квартал. Из-за этого жителям пришлось чаще обращаться к чистильщикам обуви. Но и мне приходилось. Подошел к чистильщику. Измученный, видимо жутко устал. Он сказал, что «Сатана пришел не с земли а с ........... », - замученный мог только пальцем указать, что это с неба, не поднимая даже голову». Сол секілді саусақпен көрсетілмесе де  ыммен айтылған әңгіменің де астарында көбесі сөгілмеген, түйіні тарқатылмаған түйткіл жатыр. Мәселе материалдық емес, рухани құндылықта. Сол әзәзіл адам кейпінде айтыс-ауылға әлдеқашан-ақ кірді. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

849

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз