+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



АСАНӘЛІ ӘКЕ НЕГЕ ЖЫЛАДЫ?


«Кемсеңдеп анасы туралы айтқасын Асанәлі ағамыз оңашада ұзақ жылады»,- деп бастады былтыр Алматыға барып-қайтқан әңгімесін қызылордалық ақын Оңталап Нұрмаханов. –Студент едік ол кезде, Асекең жас актер,сәлем береміз, рухтас болғасын іні тартады. Содан, біздің үйде аналарың бар соған да сәлем беріңдер,-дегесін жан бар ма, алдына  түсіп, желкілдеп ере жөнелдік.Үйге  келе Асекең  бірінші болып өзі сәлем беріп еді. Танымады. 91 жасаған анасы «сен кімсің?» деп өз баласынан өзі жөн сұрады. Сөйтсе Асекең «Асанәлің ғой десе – О, Алла-ай балам, жетім қалдың ғой, жетім»,-деп кәрілігі бар, есінің бір ауып, бір кіріп отырғаны бар кейуана баласын кемсеңдей құшақтады. Сол жастық шақтағы көріністі жуырда  Асекеңе айтып, есіне салғанда оны да қарттық жеңген бе, 30 жыл бұрынғы жағдай есіне түсіп егілді. Оңай ма екі бала, құдай қосқан жары кетті жанынан. –Әр адамның іштей осал бір тұсы болады. Анасымен бірге өмірі кинолентадай көз алдына келген шығар.

 

-Шәй ішілді. Біршама шер тарқастық. Арасында Абекеңе өтініш жасадым. «Аға, осы Алматының ауруханасында Амандық Жүгінісов деген өнердегі бір өреніңіз төсек тартып жатыр. Соның жағдайын сұрай келгенбіз. Аралдың Қызылжар ауылында мәдениет үйінің директоры. Белден төмен істемей қалып, сал болып соры қайнады. Сөзіңіз демеу болсын, міне телефон көңілге демеу сөз айтыңызшы,- деп едім дереу тұтқаға жармасып «Аманжан, амансың ба? Сен өнерге керексің! Жас басыңа бәле шақырмай орныңнан тұр. Өмір күрестен тұрады»,-деп қоңыр даусымен 5 минут сөйлегенде  тілекті тұтқаның арғы басындағы Амандықтың тілі байланып, жауапсыз тыңдады.Сонымен ертесіне елге қайтатын болып, Әбекеңе  ауруханаға тағы соқтық. «Кеше шынымен мен Асанәлі ағамен сөйлестім бе?»,- деп қасымдағы серігіміз екемізге жаутаң-жаутаң қарайды. «Иә, дәл солай»,-дейміз жамырасып. «Сол тілекті естіп жатып, білесіңдер ме бәшпайларымының ұшы жыбырлап кетті. Аяғыма жан бітті»,-деп Әбекең сырлас достарына шынын айтыпты. Тәубе, сөйтіп төсекке таңылған Әбекең  ауылда қазірде балдақпен «шауып» жүр.   

 

НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

692

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз