+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



«АШҚАН ДА СЕН ЕМЕС, ЖАБАТЫН ДА СЕН ЕМЕССІҢ...»


Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті  бюросының 1958 жылы “Қазақ әдебиеті” газетін жабу туралы мәселе қойылған отырысы өтеді. Осы жиында  Жұмабек Тәшенов солақай белсенділердің  әрекеттеріне батыл соққы берді. Мәжілісте күнілгері дайындалып қойған, “шаш ал десе, бас алуға” ниетті жағымпаздар жарыса жамырап, қазақ тілінде шығатын барлық газеттерді жауып, аударма басылымдарға айналдыру жөнінде ұсыныс жасайды. Тіпті сол тұста “Социалистік Қазақстанның” қарашаңырағын ұстап отырған Қ.Шәріпов өзінің “Казахстанская правда” газеті редакторының орынбасары болып қалуға да бейіл екенін білдіреді. Осы сәтте отырысқа қатысып отырған Жұмекең: “Социалистік Қазақстанды” ашқан да сен емес, жабатын да сен емессің, не деп тұрсың өзің!” – деп дүрсе қояды. Ал “Қазақ әдебиеті” газетінің бас редакторы Сырбай Мәуленов мінберге қарай сылбыр басып, түсі қашып бара жатқанда, әлі ашуы басылмай отырған Тәшенов:

 

“Тайсақтамай, батыл сөйле! – деп, орнынан қозғалып қойды”, – дейді. Ұзын-ырғасы үш сағатқа созылған талқылау барысында Ж.Тәшенов ұлт тіліндегі газеттерді жабудың негізсіздігін қисынды дәлелдермен дәйектеп, бірнеше рет сөз сөйлеген.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

286

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз