+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



ТӘШЕНОВТЕЙ ТУА МА ҚАЙТА ТҰЛҒА?


Желіде әркімнің жүрегінің тінін шертіп немесе намысын қайрап, қиялын көкке самғатып болмаса біреудің мұңын айтып ерігіп жүргенім жоқ. Жастар «МС Сайлаубек былай депті, қыздар шашын жұлып төбелесіпті»,-деген секілді сүреңсіз көріністерге «жаныашағансып» «Мынау не масқара? Анаусы несі?»дейтін сөзді жазған «жарапазаннан» жеріп кеттім. «Маған не керегі бар, үйім өртенбей, жаным, төңіректегілерім аман болса жарайды»,-деген самарқаулық тар түйсіктен шыққан сөз қашанға созылады?Тоқтатайық. Тоқтайық. Есі дұрыс, ақылы бүтін жастар керек болса «азғындықтан» әрі жүрелік. О, тоба! «Желі деген жеке адамдардың құқы»,-деп көкбеттеніп тұрып «құқын» қорғағысы келетіндер де табылады. Осы орайда, ешкімнің аузына қақпақ қою менің азаматтық парызыма жатпайды. Ең болмаса залалы тимесін. Әрі жүрсін. Балаң тәрбиесіз, қызың жүгенсіз болсын десеңіз, осы желі де жетіп жатыр. Шырынға шыланып берілген уу да, зәрде жатыр осы кеңістікте. Оны енді тиімді пайдалану Сіздің құқығыңызда. Ортақ азаматтық байлам осы болсыншы, қиылып та, қиғылық салып та сұрарым сол! Тентекті тездейтін зиялы орта қашанда табылған, табылады да. Тәшеновті айтып, «данышпансып» көрінгім келмеп еді. Ау, тарихтан тағылым алмай, мың жерден ақылың алтын, сөзің семсер болса да, қақ маңдай жартасқа соғып, жарылып тынады.Тоқтатыңыз!

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

220

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз