+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



ӘУЛИЕДЕЙ БОЛҒАН ӘУЕЛБЕКОВ.....


Тәшенов Жұмабектен өзге биліктен үстіне қылаудай қыл жабыстырмай кеткен Еркін Нұржанұлы Әуелбеков еді. Қызылорданың абыз ақсақалдары әлі күнге "Әулие еді-ау Әуелбеков",-деп қимастықпен жақсылықтарын айтып отырады. Қараша халықпен өте қарапайым болды да, еңселі Еркін Нұржанұлы есіктен кіріп келе жатқанда биліктің тізгінін ұстаған бишікештердің  "тізесі" дірілдейтін. Таңертеңгілік әкімдікке жұмысқа жаяу бара жатқанда, мың бір мұңылық жолынан тосып жағдайын айтатын. Солардың бірі ердей Ерекемнің алдынан көңілі қалып қайтпаған. СССР-дің кезінде "Байқоңыр" қаласының мэриясы облысты менсінбей Мәскеуге мойын соза бергенде, Ерекең беделімен Мәскеу арқылы әлгілердің облыстық жиынға қалмай қатыстуын талап етті, әрі шешті. Менмендерді бірден "бас білдіретін" қасиетке ие еді. Сосын ешбір аудан хатшысына айтпай, бір өзі жолда кетіп бара жатқан жүк көлігін тоқтатып, шаруашылықтарды аралап кем-құтықтарын көріп, аудан хатшысын шақыратын. Не деген қарапайымдық. Бірде мынадай қызық болыпты. Әкімдікте ТЭЦ жанындағы тонналаған күл ауаға ұшып, тұрғындардың өтініші қаралады. Үш күннен кейін Ерекең сонда өзі бастап баратын болып шешеді де, кешқұрым ТЭЦ-тен алыс көз тасаға көлігін қойдыртып, күлдің шаңын көтеріп, тазалап жатқан техникалардың жанына барады. Бір егделеу кісіден "Не болды? Не істеп жатырсыздар? "-десе әлгі "Әкесін аузын......Әуелбеков келеді деп ана бастықтар мына күлді екі күнде құртыңдар деп тапсырма беріп кетті"-депті. Ерекең жымиып қана, көмекшісі арқылы ТЭЦ-тің бастықтарын  карьер басына шақыртқан........Әуелбековтің ең соңғы қызметі СССР қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы қызметі болды.        

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

702

1 comment

  • Жұма, 01 Сәуір 2016 10:10 Оралбек

    Ол кісілер нағыз патриот, дана кісілергой.

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз