+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



ТЕКТІДЕН ТЕКСІЗ ТУМАЙДЫ....


Уәде еткендей Қызылорда облысы,Қазалы ауданынан 93 жастағы Мұхамедәли ақсақалдың бейнесұхбаты жаңа ғана қолыма тиді. Қыз Жібектің алты ағасы болғаны тарихтан белгілі. Баланың үлкені Дәулетияр болса, кенже бала, қара шаңырақтың иесі Мәметек екен. Қыз Жібек Сырлыбайдың сүт кенжесі, жалғыз қызы. «Алты ағам қайда, алты ағам?»-, деп фильмде зарланатын Қыз Жібектің сыры тарихпен қиысады.Аңыз емес, анық оқиға. Сонымен.....(видеоны 58 секундтан бастап тыңдағаныңыз жөн)

...Ертеректе, жылдарын нақтылап айта алмаймын. Орынборда көшеде тұрған бір дүкенге Қыз Жібектің туған ағасы Мәметек бас сұғыпты. Жайық бойынан мыңдаған қойын губернаторға саудалауға келген беті екен. Ондай ауқатты адамның соңына қалада тілмәш ертетін дәстүр болған. Шаруамен жүргесін Мәметек үстіндегі киіміне мән бермесе керек. Баста тымақ, үстінде тон, аяғында саптама етік. Жиһаздарға қызыққан ол татар саудагерінен «Ана жиһазың қанша тұрады?- десе, әлгі татар кір-қожалақтау қазақты менсінбей «Пұлің жетпейді»,-деп жауап қайырған. «Мына затыңның бағасы ше?»,-десе де естіген жауабы «Пұлың жетпейді» болыпты. Сол кезде Мәметек қасындағы тілмәшін шақырып алып «Мынадан сұра, мына барлық жиһазы, дүкені татардың әйел, бала-шағасы, көшесі қанша тұрады екен?» депті. Әлгі татар ойына келген бағаны айтып «осыншама алтын ділдә»деп айта салған. Сөйтсе, бірнеше күннен кейін  екі қап алтын ділдә артқан түйе дүкеннің жанына тоқтаған. Төрт жігіт бір кенер қаптың өзін мықшыңдап, дүкенге кіргізген. Әлгі татар алтын ділдәсін санап алып, есеп айырсақанда бір жарым қап алтын ділдә ауылға қайта қайтарылған екен дейді. Сол дүкенді жергілікті тұрғындар «Магазин Маметека» деп айтқан деседі. Анығы ол дүкен Орынборда 1950 жылдарға дейін болған. Қыз Жібектің әкесі Сырлыбай Жайық бойындағы ең ауқатты байлардың бірі болған. Айтпақшы, Дәулетиярдың 7 ұрпағы 84 жастағы Мұстафа Матаев ақсақал Қызылорда қаласында тұрады.(Мәліметті нақтылауға,тарихи дерегін анықтауға мына телефонға болады 87015629833 Темірбек Матаев)

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

473

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз