+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



ӘУЛИЕДЕЙ БОЛҒАН ӘУЕЛБЕКОВ – ІІІ


Қызылордада  Еркін Нұржанұлы ел арасында «обкомның» үйі атанып кеткен тұрғын үйде тұрды.  Еркін аға  жұмыс орнына  жаяу қатынайды. Бір күні аулада кеудесі медальге толы соғыс ардагері отырғасын сәлем беріп, жағдайын сұрайды. Әлгі ақсақал әңгіме арасында Қармақшыдан келгенін, аздап ардагерлерге тиісті дәрежеде жағдайдың жасалмай отырғанынын жеткізсе керек. Содан ардагерді 4 қабатта тұратын суретші Қайырбай Закировтің босағасына келгенше Еркін Нұржанұлы өзі қолтықтап демеп келіпті де, қоштасып есік ашылғанша, ақырын түсіп кеткен. Әлгі ақсақал сосын араға екі-үш күн сала ауылға қайтады. Үйінің  жанына барса тола адам қаптап кеткен. «Кемпірім кетіп қалған жоқ па?»,-деп басына бірінші жамандық ой келген қария жақындап келсе қобжыңдап жүрген  құрылысшылар екен. Бірі есік-терезесін краскілеп, енді бірі жаңа шарбақ көтеріп әлек. Райкомның екінші хатшысы «-Ақсақал-ау, өзіме келіп неге айтпайсыз? Осы ремонтты өзім-ақ істетіп берер едім. Обкомның хатшысы Әуелбековке барғаныңыз не?»,-деп кездескен жерде ренішін айта жөнеліпті.

-Кім барған Әуелбековке?

-Сіз да.

-Қой айналайын, мен Әуелбековке барғаным жоқ. Қайырбайдың үйінен қайттым.... Тұра тұр,е бәсе аулада  отырғанда бір ұзын, қайыстай қара жігіт қолтығымнан демеп, төртінші қабатқа дейін шығарып салып еді. Сол ма, Әуелбеков?  Мен қайдан білейін?

Сөйтсе, Еркін Нұржанұлы түс ауа Қармақшыға хабарласып, ардагердің үйін дереу жөндеуге тапсырма беріп үлгерген.

 

        

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

203

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз