+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



АЖАЛДАН ҚҰТҚАРҒАН АҚ ТАС...


Қазақ дана халық қой! Әсіресе, ана­ларымыздың өз балаларын кішкентайынан ізгілікке ша­қыр­ып, бойына тек жақсылық пен қамқорлықты, ұят пен намыс сынды қасиеттерді сіңірген. Бұған мына шағын ғана бір мысалды келтірейік.

 

Тарихтан белгілі «АЛЖИР» деп аталатын жер бетіндегі тозақтық лагерьге Сталиндік қуғын-сүргінге ұшырағандардың әйелдері мен туған-туыстары қамалғанды... Сонда тұтқында болған неміс әйелі ГЕРТРУДА ПЛАТАЙС өзінің өлең жазбасында қызықты деректер қалдырған.

 

Гертруда Платайстың «Асыл тас» деп аталатын әңгімесі кәдімгі құрт жайында екен.

 

«Бірде көл жағасында қамыс орып жатқан тұтқын әйелдердің қасына ақсақалдар келеді. Жандарында иықтарына қоржын салған балаларын жетектеген әйелдер бар. Қоржындары тас сияқты ауыр, құдды тас салып қойғандай. Бір мезгілде балалар әлгі тастармен тұтқын әйелдерді атқылай бастайды.

 

Бұған күзетшілер: «Өздерің қандай халық жауы екендеріңді көрдіңдер ме. Сендерді Мәскеуде де жек көреді, қазақ ауылында да жек көреді, тіпті балалар да сендерді таспен атқылады...», - деп күледі.

 

Тұтқын әйелдер «бұлардың балаларға берген тәрбиесі осы ма» деп налиды. Шамалыдан кейін ауыл адамдары кетіп қалады. Әйелдердің бірі тасқа сүрініп кетеді, сол кезде ол әлгі кесектен, сүт пен ірімшіктің иісін сезеді. Сонда ғана «алжир тұрғындары» көрші ауылдан келгендердің өздеріне ешкінің сүтінен дайындаған кептірілген құртты тас етіп лақтырғанын түсінді».

 

Бұл – тек поэтикалық образ ғана емес, сон­дай-ақ, тарихи факт!

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

219

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз