+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



АЛЖЫҒАН АЛЕКСЕЙ


«Бала болсақта әдепкіде әрекетін ерсілеу көріп шегіншектейтін едік. 1950 жылдар болса керек. Есінен алжасқан Алексей есімді қарт ұшқыш күнде біз ойнайтын алаңқайға келіп парашютін жайып түске дейін отыратын»,-деп әйгілі сәулетші Бек Ыбыраев (Қорқыт Ата ескерткішінің авторы)  балалық шағынан бір әңгіме ұштығын тарқатты.- Бала болсақ та аяп, үйде дастарханнан ілінген нанды, майды, қантты Алексейге таситын болдық. Тіл қатпайтын, ризашылығына басымыздан сыйпап, көлеңкеге барып әкелгенімізді түгел жеп алатын. Түс ауада парашюттің қыртысын- қартысына жатқызып, қайта жинап алып үйіне кететін. Күндегі дағдысы сол. Кейін арада 20 жылдай өте Қызылордадағы психика-неврологиялық ауруханасының бас дәрігері Гонопольский Маркс Хаймовичке осы жағдайды айттым. Ол салған жерден «А...... ана ұшқыш па?! Оны танимын. Байқоңырда әскери ұшқыш болған. 11 мың метр биіктікте, ұшағының маторы өшіп, секірген кезде парашюті жартылай ашылып, жартылай желбіремей қалған. Соны көрген Алексей  жерге түскенше стресстен жынданып кеткен. Денесінде зақымданған жері жоқ. Қол-аяғы сау. Таңқалған мен «Емдеуге келе ме ол ұшқышты деп?»,- еврей дәрігерден сұрап едім,- келеді , алайда Алексей  дәл сондай ұшақпен ұшып, оның маторы өшіп, парашюті толық ашылғанын көрген кезде ғана есі қалпына келіп, сауығады»- деп тіл қатты.    

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

209

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз