+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



БОКСТЫҢ БЕКЗАДАСЫ....


Таланттардың қай салада болмасын маңдайына жазған өзіндік ерекшелік бар. Өзгелерден ерек болу үшін тыңнан жол іздеп, жыраққа тартады. Ол өлеңнің өресі –поэзияға  немесе қаламның қарымы - прозада ғана  меншіктелмеген. Дарындардың дарыны спортта да бар. Футболда өзім білетін нидерландық шабуылшы Марко ван-Бастен допты ауада қалқып келе жатқан жерінен жерге түсірмей ауада траекториясын өзгертіп теуіп, қақпашыны қапы қалдыруымен ерекшеленді. Боксте Бекзат Саттархановтай нәзік, қаша жүріп, қарсыласының ашылған сәтінде гүрзі жұдырығын жұмсап, мүмкіндігін мүлт жібермейтін ерекшелікті бұрын-соңды көрмеппін. Боксты күштің емес, өнердің төресіне айналдырған Серік Қонақбаевты үлгі етті. Соның тактикасын шыңдап Бекзат батыр, боксты бекзадалық дәрежеге көтеріп кетті. Қазақтан алғаш шыққан бокстан Олимпиада чемпионы жаңа жылға 20 минут қалғанда, 20 жасында, 2000 жылы көлік апатына ұшырып, жасындай жарқ етіп жоқ болды. Қазақ елі жаңа жылымен қосылып қара жамылып жатқанда Италиядағы бокс тренерлері "Қазақстан қалай жоғалтты, Бекзатын?! -деп бір бірімен көрісіп, жылаған деседі!!!!Иманды болсын! Бүгін туған күні екен.    

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

207

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз