+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



КӨККЕ ҚАЛЫҚТАҒАН РУХ


«Мына науқас көріп тұрсың операционный блокта жатыр. Жағдайы тым ауыр. Әрі кетсе 20 минуттан кейін қайтыс болады. Содан кейін  оны қалай тірілткенімді көргің келе ме? » деп әйгілі сәулетші Бек Ыбыраевқа Новосібірде клиникалық және эксперементальді  медицина институтының іргетасын қалаушы Влаиль Петрович Казначеев сауал тастай қарапты. –Әрине.....-Әрине болса мына видеоны мұқият қара. Өкпені, миды, жүректі бақылайтын жабдықтар толық істеп тұр. Қара, жайлап импульс  кетіп бара жатыр. Кардиограмма тоқтады. Сигнал берді. Мидің жабдығы да әне өшті. Өкпеде ешбір әрекет жоқ. Ол да дыбыс берді. Операциялық блокқа міне менің кірген сәтім. Жақындап бардым. Қайтыс болған адамның денесінен жан тысқа шыға бастады. Ол рух секілді ерекше энергетика. Екі алақанымды жайып, денесінен тысқа шыққан рухын сығымдап қайта өзіне қайтарып жатырмын. Монитордағы уақытты есепке алсам 10 минут жанын өзіне қайтаруға жұмсаппын. Ана жабдықтарды қарашы енді, жүректің әлсіз сигналы шыға бастады. Ми аппараты да сигналын тоқтатып, қайта қосылды. Әне, өкпе жадбығы істей бастады. Жиырма минуттан кейін алдында осы блокқа қалай келді, сондай қалыпта болады»,-деді  Влаиль Петрович. Айтқандай солай болды. Таң қалдым. Бақсы балгер дейін десем білдей медицина ғылымының докторы. Мықты медициналық практик,-деп Бек аға әңгімесін қорытындылады.

Негізі адамның рухы үш күн үйді айнала ұшады деген рас ау. Ал жылында «ас» бергенде рухын көкке «ұзатады». Бұл жердегі «ас» тағам емес, аспан әлемі деген мағына береді. Енді қызық, аспан, асқақ, асу, асқар,асып іл,-деген сөздердің алғашқы түбіріндегі «ас» көкті меңзеп тұр. Әлем мойындаған мифолог Серікбол Қоңдыбайдың осы қисынын біздің қазақтың мыңнан бірі біледі.  Тағы бір керемет қисын. Негізі, немістер алғаш ұшақ пайдаланып, көкке самғауға әбден машықтанған ұшқыштарына «as pilot» деп мәртебелеген. Оны орыс халқы өз дәрежесіне түсіріп, «ас водитель» деп көкте қалықтауды көлік жолына түсірді.

      

 

 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

237

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз