+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



ӘУЛИЕДЕЙ БОЛҒАН ӘУЕЛБЕКОВ - VI


Қазақстан ғана емес, Тәуелсіз елдер Достастығы аумағында, Москвада сөзі жүріп тұрған, халықтың ықыласына бөлеген  Әуелбеков Еркін Нұржанұлын жұмыссыз қалдыру қандай қасірет десеңізші ?! Әуелбековтің  Жоғарғы Кеңестің халықаралық  қатынастар жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары қызметі СССР тарағасын автоматты түрде ол қызметі де ыдырады. Аз уақыт зейнектерлікке шыққанша,еліміздің  билігінде елеусіз қызмет істеді.  Содан туған ауылы  Жаңасу  ауылында жеке шаруашылық ашып, бір ауылды өзінің беделімен көтеріп жіберді. Құрметтейтін, ардақтайтын достары  ортадан қаржы шығарып, ауылына жаңа соңғы үлгіде мектеп салдырып берді. Мұғалім жетпегесін  Еркін Нұржанұлы ауылдағы келіндердің бір тобын Көкшетаудағы пединститутқа оқытқан.  «Бір күні Ерекең үйге өз-өзіне риза болып келді,-деп бастады Күлше жеңгей әңгімесін. – Қуанышты көңіл-күйін түсіне қойып «не болды?»,-деп сұрасам,- Келіндерді жинап алып, кітап бойынша саңырауқұлақ тұздауды, түрлі жеміс-жидектерден тосап жасауды үйреттім»,-деп күліп тұр.  Өйткені, біздің жақта аққайыңдар сыңсыған орман ішінде денсаулыққа өте пайдалы жеміс-жидектің сан атаулысы болатын».

PS. Көрдіңіз бе, «тосап жасау», «банкі басу» десе өзге жұрттың  дағдысы, біздің қолымыз емес»,- деп қаралай еріншектігінен «ақталатын» қазақтың қисық менталитетіне әдебімен барып өзгеріс енгізіп тұрғанын. Ол  таңқурай, қойбүлдірген, құлпынай секілді дәмді де денсаулыққа шипалы тосапты суықтаған бала жесе, обал деуге ауыз бармас, сауап емес пе?! Бұл қағиданы қазаны оттан түспеген әр жеңге- апамыз, келін-қарындастарымыз көкейге түйіп, қыр арқаңызда Еркін аға тұрғандай сезінсе абзал.))))        

 

НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

194

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз