+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



АНАМНЫҢ ҚОЛЫ


Алып батыр, добардай қолымен көкжалды буындырып өлтіруге жарап жүрген Тоқтар ағам анасы Кәмилә туралы еске алғанда, дидары бал-бұл жайнап, балаша жымиып, «өз әлеміне өзі беріле отырып», бір үзік әңгіме айтып берді......... Жоғарғы сыныпта оқимын. Таңертеңгі шәйді ішетін уақыт. Әкем  малды жайлап болып ішке кірген, соның арасында  шешем сыртқа  шығып кетті. Сиыр саууға шықты ма есімде жоқ.  Молынан күттік, анам  келіп болмады. Айналшықтап әрі-бері тосқасын әкем қораға  барса, «анамның қос қолы қан-жоса болып, арланның  қос құлағын қапсырып үстінде жатыр»,- дейді.  Астында көкжал,  үстінде анам. Сөйтсе, аз уақыттың ішінде  қораға көкжал кіріп, қойдың бірнешеуін тамағынан шалып  құлатқан. Дәл сол жағдайдың  анам үстінен түсіп, шыдамай қасқырға тұра ұмтылған. Содан, құлағына жармасқан ғой.  Өлместің қамы. Құлағына жабысқан күйі, қолы қапсырылып қалған. Салмақпен басып түскесін, «қасекеңде» қамсыз қалған болу керек. Қысқасы, не керек жабылып жүріп көкжалды өлтіріп, басын кестік. Себебі, анамның қолы ажырамайды. Дереу әкем сол жерде бір тоқтыны сойып, жылы терісін анамның қолымен қасқырдың басын қосып, орап тастады. Әйтеуір бір кезде анамның алақаны жайылды-ау! Қорыққанда адамның қолы сіресіп қалады екен. Алдында бір-екі талағаннан анамның қолында тыртық қалды.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

276

2 comments

  • Бейсенбі, 07 Сәуір 2016 15:46 Гулбаршын

    Токтар ага, сиз елимиздин мактанышысыз!Алып-анадан туады деген! Сиздин батырлыгыныз бен батылдыгыныз ананыздан да дарыган болып тур гой! Гумырыныз узак болсын!

  • Сәрсенбі, 06 Сәуір 2016 19:01 Рахыш Нәшкенқызы

    Тоқтар бауырымыз! Мықты жансыз, амандық саулық тілейміз Сізге, әрдайым.... Отбасы, бала-шағағаңызбен ұзақ ғұмыр иесі болыңыз!!!Біздер Сізді қатты құрмет тұтамыз, Сізбен мақтанамыз! Нағыз қазақ АЗАМАТЫ Сіздей болсын!!!

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз