+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



КІМ, КІМ, КІМ ЕКЕН СОЛ ҚАСКӨЙ.......?!


Тоқтар Әубәкіров туралы жазбаларымның біріне «қасқырды атқаны дұрыс па, бұрыс па?»,-деген сарында сөз талас басталыпты. Араласқаным жоқ. Тоқаңның «ләззат алғаннан емес, ауылдың жарлы-жақыбай қазағының аз-маз малын қыратын болғасын, арландардың ізіне амалсыз түстім»,- дегені  естіге тоқтам болар сөз деп ойлаймын.......Сонымен  тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіровтің  «СТ-2К» деген жекеменшік ұшағы бар. Шұғыл шаруа шыққанда сол әуе техникасын тізгіндеп, қажет бағытына ұша береді.  Ұшу алаңына ыңғайлы жері бар бір ұжымшармен келісіп, сол жерге ұшақты қаңтарып қояды. 120 литр авиокеросинді ұшаққа құйып, таңертеңгілік ұшып шықпаққа бекінген. Ертесіне от алдырып, әуеге көтеріледі. 200 метр биіктікке көтерілгенде ұшақтың маторы өшіп қалады. Тек сынақшы –ұшқыштың ептілігімен ғана, мелшиген ұшақ қалбалақтап барып егіс арасына қонған. Қонғаннан кейін бакті ашып «түтікшесі бітелді ме?»- деген күмәнмен тексеріп көрген. Алайда, жеңіл ұшаққа біреу су толтырып кеткен. Түтікше бойына әуеге көтерілетіндей етіп әдейі керосин де қалдырған. Еңсесі түскен Тоқаң үйіне қайтып келе жатқанда қалта телефоны шырылдапты. Бейтаныс дауыс: «Әубәкіровсің  бе? Сен ештеңеге ұшыраған жоқсың ба?»-деп Тоқтардың аман екендігін білген әлгі біреу телефон тұтқасын тастай салыпты.  

 

Ғаббас Қабышұлы жазушы   «Аңыз адам» журналынан үзінді 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

271

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз