+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



АШЫҚ ҚАЛҒАН «АУ-САЙМАН»..........))))))


Бәке деген ағамыз бар «Хабар» агенттігінде күзетші. Тысқа шығып темекі шегіп тұр екен. Көзім ауына түсіп кетті. Тартылмапты. «Аға, ана ырзығызды жапсаңызшы»,- деп едім. Жәй айтқаным бар, «ырзығы несі?» деп түсінбей қалғаны бар, сұрағымды қайта сұрады. Иегіммен қағып едім, тез түсінді де, «дүкенінің есігін» тарс жапты). Содан мына әңгіме есіме түсіп кетіп, еріксіз езу тарттым.....  

2000 жылдардың басы болу керек. "Хабар" агенттігінің Қызылорда облысы бойынша тілшісі қызметінде жүрмін. Алматыға екі апталық білмеймін біліктілігімді ме, білімімді ме көтертуге шақыртты. 6-шы қабаттағы қонақ үйден "простой" табылмай, "люкстің" кілті тиді қолыма. Ерте тұрып алып екінші қабатқа лифтімен түсіп, сағаттың 9.00 болғанын тағатсызда күтемін.Очкинің астынан қарап, асықпай жаныңнан Нұртілеу Иманғалиұлы өтеді. Ауыл баласына сол кездегі "Хабар"дың тірі мэтрлерін көрген оңай ма?!Қол созғаныңмен, тілің байланып, танысып, төселгенше жатырқап тұрасың! Бір уақытта "әй бала, әй бала"-деп ыңылдап келіп Әлімжан Сабыржанұлы құлағыңа жарты сағат "қонақтап" кетеді. Жайдарлы Тілеуқабыл ағамда ел аманғын сұрап балаша бәйек болады. Білмеймін, бірінші қабатта компьютерге басын сұғып бадырақ көз, бір кісі отырады. Кейін білдім. Арман Сқабылұлы ағам екен. Басқан қадамының сыбдырын байқатпай, жылышұрай жымиып Зейін Әліпбек ұшады эфирге ұзын колидордың бойымен. Редакцияда  Дана Нұржігітті, Серік Жанболатты, Жайна Сламбекті,Дина Төлекті, Бибігүл Жексембайды сыртынан шырамыттым. Қойшы әйтеуір, кейде сюжет жасап, кейде орыс редакциясынан жеткен материалды аударып жүргенде бірде текстімді тексеруге Нұраға шақырды. Материалдың қысқа мазмұны мынадай. Бір облыстағы көлді жеке кәсіпкер меншігіне сатып алып, енді ауыл тұрғындарын аттап бастырмауға кірісіпті. Содан ол әрекет жергілікті балықшылардың ызасын туғызған. Диктор оқитын подводканың соңғы сөзін "ауын ұстап қалған балықшылар енді қандай қарекет жасарын білмей дал"деп жазған болуым керек.Очкиді түсіріп, текстке үңілген Нұрағаң зілді даусымен" ауын ұстағаны несі?",-деп дүрсе қойды. Көз алдыңа елестетші,- деп тағы бір шаншып өтті. "Аға,баняға түсіп жатқан еркектер емес қой, балықшылардың затын айтып тұрмын. Кім қандай ниетпен тыңдайды сондай болып қабылданады ғой"- деп ақталған болдым. Жан-жағына қарады. «Мына баланы не істесем?» екен деп ойланып қалды бір сәт. -Онда ау-саймандарын ұстап қалған дәрменсіз балықшылар деп жаз" деді."-Нұраға, онда Сіз әлгі балықшылардың бел тұсынан ауымен қоса сайманын түгелдегеніз болады ғой-деп едім кеңкілдей күліп, балаша мәз болды! Сонда білдім Нұрекең сырттай сесті көрінгенмен, ақжарқын азамат екенін!

P.S  Осы әңгімені айтып бергеннен кейін күзетші Бәкең мені көрсе болды, дереу «дүкенінің есігін» түгелдейді. Бір түрлі екен..... үлкен кісі... амандасып, қолын алуға  бара жатсаң болды, ауына қол салып, ышқырын көтергені. Содан кейін жұрт «дүкен» деген әңгімеге құлақ түретін болғасын, «Бәке, бекініс жабық па?»-деп күлемін. Ол да «бекініс берік»,-деп еңсесін тіктеп, ышқырын көтеріп, кабинетімнің кілтін  қолыма ұстатады. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

290

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз