+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



«ҚАРА КЕМПІР....»

"ҚАРА КЕМПІР"Аруағынан айналайын Қали әже! Соғыстан оралмаған боздақтардың, балаларын күтумен арманда кеткен аналардың рухына қойған рухани көктасым тек осы болды!

Опубликовано Нурланом Сонгибайулы 24 апреля 2015 г.

 

Алтынбек Қоразбаевтың "Қара кемпір" толғауы негізінде түсірілген фильм Жеңіс мерекесінде көрермен қауымға көзайым болады. Боздағын күтіп боздаған, жаулығы желкілдеген ананың сағы сынды, үміті үзілді. Жарынан айырылған жесірдің де, баласынан айырылған шерменде шешенің де зары, көз жасы осы фильмге келіп ағылды! «Жаны ауырған құдайын қарғайды» демекші, жалғыз қалған шүйкедей кемпір Жексенқұлы мен Қосшығұлынан қара қағаз алған жерде алжып кетті дейді! Құдайдан қорықпаған туыстары жетім кемпір өлген күні мал-мүлкін бөліп алыпты. Егесіз үйге ойын балалары кіріп, асықтарды алып, "балаларымның үйлену тойына" деп жинаған ақшасын далаға шашыпты! ӨКІНІШТІ!!! Кешір,Қали апа! Аруағыңыздан айналдым! 

 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

631

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз