+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



«КЕТЕМІН МЕН СЕГІЗІНШІ АСПАНҒА....»


«Бір күні 17-жатақхананың алдында кездесіп, таныстық. Жұқалтаң сары жігіт екен. Арсалаңдап келіп  құшақтап, колымды ықыластана қысты. Кешікпей филфак-журфак  у-ду болып араласып кеттік. Әмірхандар да бізге жиі келетін болды. Ол күнде бас қосқан жердің бәрінде «аттың басы жіберіліп», өлең оқылады. Әмірхан өлең оқығанда аруақтанып кетеді екен. Жұртты дүр сілкіндіреді. «Бабалар ырымы бойынша тілі шығуы кешеуілдей бастаған сәбиге итаяқтан су ішкізеді екен. Сондай жағдай менің де басымда қайталаныпты...» - деп өлеңдерін оқыды бір күні».

Бауыржан Бабажанұлы

 

Р.S Қазақ поэзиясы дәл бүгін туын бір сәт төмен түсіріп, Әмірхан Балқыбекті еске алатын күні. Маралтай, Әлібек, Бауыржан, Сәкен, Дәурен секілді достарың тұрғанда Әбекеңнің рухани «қара шаңырағы» құламайды. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

136

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз