+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



ЕГЕР ДЕ СІЗДІ АРА ШАҒЫП АЛСА...

  • Дүйсенбі, Сәуір 11 2016

Төмендегі нұсқаулар ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН!

 

1. Айналыңызда ара ұшып жүрсе, оған мән беріп, оны қағып, өлтіруге ұмтылмаңыз. Себебі, ара себепсіз адам баласын шақпайды. Тек адам тарапынан қарсы әрекеттер көрсе ғана, ол өзін қорғау мақсатымен, шағып алуға бел буады.

 

 

 

2. Егер де сізді ара шағып алса, сабыр сақтаңыз! Айғай салып, байбаламға түсудің еш қажеті жоқ.

 

 

 

3. Ара шаққан кезде дереу жақын жердегі медициналық пунктке бару керек немесе жедел жәрдем шақыртқан жөн.

 

 

 

4. Ара шаққан жерге кішкене қант басып қойыңыз. Қант арадан қалған улы затты сыртқа шығаруға ықпал етеді.

 

 

 

5. Ара шаққан жерді сығуға, қасуға, тырнауға болмайды. Кері жағдайда, ағзаға инфекция түсіп, ара уы денеге таралып кетуі мүмкін.

 

 

 

6. Ара шаққан жерді мүсәтір спиртімен (нашатырный спирт) немесе йод не көк дәрі (зеленка) қосылған сумен шайып жіберу керек.

 

 

 

7. Қол астында бұл заттар болмаса, ара шаққан жерді ақжелкеннің (петрушка) жапырағымен ысқылап жіберуге болады.

 

 

 

8. Ара шаққан жерге ылғалды сүлгі немесе салқын суға толы жылытқы басу керек. Шаққан жердің ісігін басу үшін мұз немесе салқын су басқан абзал.

 

 

 

9. Ара шаққан жанды көлеңке астында жатқызып немесе орындыққа отырғызып, көп мөлшерде салқын су беру керек. Салқын су болмаса, қант қосылған қайнатылған су мен бал қосылған шәй беруге де болады.

 

 

 

10.Ара шаққан жанның денесі қызарып, бөртіп жатса, оған кордиамин сұйықтығының 20-25 тамшысын беру керек.

 

 

 

 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау
768





Пікір қалдырыңыз