+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



«ЖАҚСЫНЫҢ АТЫ ӨЛМЕЙДІ...»


Тіршілікте «адамгершіліктен ада, мейрімнен мақұрым, әдептен әрі» деген пенденің өзінен жақсы бір қасиет тауып алып, онымен сол тұрғыда сөйлесіп, жан сарайын аша алатын парасатты адам некен-саяқ. Солардың бірі де, бірегейі де - Әшірбек Сығай ағамыз еді. Әшекең кіріп келген үйге сәулесін, көңіл нұрын шаша келетін. Себебі, әр адам жасына қарамай рухани шуаққа, жылы сөзге әрқашан зәру. Сөз ғой себебі, емдейтін де, өлтіретін де! Әшекеңнің жан қалтасында, жүрегінде сол «алтын кілттің» сан атаулысы жүрді. Ол кісі өнерді де, тұтастай театрды да солай жан-тәнімен сүйді.Кәсіби маман, білімді, парасатты адам отбасында да бір дауыс көтермей Күләш жеңгеймен қол ұстасып өмірден өтті. Жастары келсе де дастархан басында бір-біріне айтқан әзілі, жарасымды әңгімелері шаңырақты жылытты. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

168

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз