+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



"БІРІҢДІ ҚАЗАҚ БІРІҢ ДОС...........................!!!"


2009 жыл болса керек. Ғарышкер Тоқтар Әубәкіровпен көлік ішінде сұхбаттасып келе жатырмын. Көп нәрсе сұрап келе жатырмын.Саяси көзқарасы, әлеуметтік мәселе, қоғамда болып жатқан құбылыстарға пікірі...... Бір кезде кезек Талғат Мұсабаевпен қарым-қатынасына келді.

-Талғат деген, ғарышқа ұшамын деп оның арғы жағына қалықтап кетті ғой. Қайта қазір ғой амандасып, иманына келіп жүргені,- деп батыр аға көзін жазық далаға тайдырып әкетіп, үнсіз ұзақ қалды.Әдебінен аспады.

Хош сонымен, 2010 жыл болса керек. Сәуір айының басы.Ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаевтан сұхбат алып отырмыз. Қасымда Дмитрий Двойнев деген әріптесім, телеоператор бар. Бір уақытта есіктен хатшы қыз қыстырылып,12 сәуірде Агенттікте өтетін салтанатты шараға қатысатын қонақтардың қатарына "көз жігіртіңізші"-деп қолына тізімді ұстатты. Очкине жармасақан Такең "Әубәкіров Тоқтар Оңғарбайұлы" деген аты-жөнді белінен бір сызып, әлгінің қолына бере қойды. Қос журналист бір-бірімізге қараймыз. Қазір орайы келер деген ой түйдік. Сұхбат шамаласты дегенде "Тоқаңмен қазірде байланысыңыз бар ма?" Қос ғарышкер араласып тұрасыңыздар ма?-деп сауал қойғаным сол еді, Талғаттың кірпігі жыпылықтап, Тоқаңды жамандай жөнелді. "Ол СССР-дің космонавты. Мен, мен қазақтың тұңғыш ғарышкерімін. Сандалып барып қайтты ол санаулы сағатқа, мен паленше күн зерттеу жүргіздім. Бұрынғы батыр білегі мен мынаусына(сол қолымен білегін қайырып оң қолын көрсетіп, қолайсыз ишара жасады) сенген. Мен болсам ақылыма, басыма сендім. Еңгезердей алыпты Байқоңырда ұшар алдында ракетаның ішіне сыйғыза алмай иығынан теуіп кіргізгенмін ішіне -деп кіржиген Тәкең алысқа шапты."Құдай-ай айналдырған екі қазақ, басы піспейтіндей не болды?!-деп күйзеліп қайттым. Тоқаң бірақ еркек ретінде өлшеулі жеріне дейін барды да әрі қарай үндемей қалды. Талғаттың аузынан "ақ ит кіріп, көк ит шықты". Редакцияға келгесін әлгі әріптесім өзінің қызметтестеріне көрген-білгенін әсерлеп айтып жатты..!!!Ел біледі ғой кімнің кім екенін?! Мың Талғат қайта туса да, бүтіндей бір Тоқтар бола алмайды. Ел ықыласын қызғанған пенделік пе әлде қызметке, абыройға деген қызғаныш па, ол жағын ажыратып білмедім! Оғаш мінезі болса да Талғатта қазақтың бір «қарадомалағы» емес пе?! Журналисті итеріп жіберетін «тентектігі» болса да ұлттың құшағына тел енетін қос ұл ғой. Ең болмаса атам Абайдың «Біріңді қазақ бірің дос, көрмесең істің бәрі бос»,-деген өлең шумақтарын еске алып, тілін неге тартпады?! Ай құдай ай. Ернімді тістелеп мен қайттым жұмысыма...........

 

НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

303

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз