+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



«БАСҚА БӘЛЕ –ТІЛДЕН.....»


Баяғыда бір әйел имамға барып мұңын шағыпты дейді. "Күйеуге шыққалы 5 жыл болды. Жегенім таяқ, естігенім боғауыз. Түсте жұмыстан келіпте ұрады, кешке де обязательно таяқ жеймін. Аяусыз бірдеңе.Балаларыма обал, -дейді ғой ебіл-дебілі шығып жылайды ғой баяғы. Келіннің тілі ұзындау екенін байқап қалған молдекең жерде жатқан елеусіздеу малта тасты қолына іліп алып -"Келін айналайын, мынау бір киелі тас, оқылған. Сөйлеп жатып аузыңнан түсіп кетпесін. Шытынап кетсе күшін жояды. Күйеуің жұмыстан келеді-ау деген кезде аузыңа салып ал...Кешке де солай аузыңа салып жүр"-дейді де оқылған тасты дұғалағандай тағы бір ишара жасап қайтарып жібереді. Екі айдан кейін кеуілденген келін келіп тұр дейді молдекеңе

"- Ағатай жұмыр тасыңыз шынында да киелі екен. Байым мені ұрудан қалды, мен ауызға тасты салғалы жөнсіз сөз айтудан қалдым,- депті. Кір-кір болып жүретін орамалы жуылып, халаты тазарып, бет-әлпеті түзеліп, ана ұзын тілімен.........малта таспен алысамын деп тілін бағып, ел қатарына қосылып кетті дейді әлгі бәлекейді елдің ақсақалдары....

 

Тіршілікте, тұрмыста әрқилы нәрсе болады ғой. Жуырда жөнсіз сөз айтып қалып, өз сөзіне өзі шырмалған келіншегім - "әлгі жұмыр тасың" қайда?- деп ескі тәмсілді қайта еске түсірді. Енді базардан адам тісі өтпейтін қатты әрі ашщы құрттың бір пәшкесін әкеліп қоймасам....."Жұмыр тас"-десем келіншегім қазірде тізгінін тартқан тұлпардай тұра қалып жүр. Сөйте жүріп "Байқа бала, жиналған жұмыр тасың пулемет болып өзіңе атылмасын бір күні деп қояды!)))))))))))))

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

639

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз