+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



ДИДАР ҒАЙЫП....


Фариза Оңғарсынованың 1980 жылы Қызылордаға келгені өз алдына бір тарих. Шығармашылық ортамен әрі көптеген оқырмандарымен жүздесу үшін Сыр өңіріне ат ізін салған екен.Мінезі тентек апам ұшақтан түспей жатып «тосын қылық» танытқан. Әкімшіліктің ақ шаңқан қаз-қатар тізіліп тұрған ақ «Волгаларының» біріне мінбей, әкем Қазидың қызметтік «Кубань» автобусына екеуден - екеу мініп туралай үйге келді. Анам ет асып, абыр-сабыр дүрлігіп жатқаны еміс-еміс есімде. Әттең, бала болыппын. Әйтпесе «қалқан құлағым» үйдегі керемет бір отырыстан көп ақпаратты зердеме тоқыр еді.Дәл сол Фариза апай үйімізде қонақ болған кезде Арал ауданынан ақжолтай жаңалық жетті. Жеңгем босанған. Сөйтіп, қадірлі қонағымызбен қатар, кішкентай Фариза есімді нарестелі болып әулетіміз бір көтеріліп, бір басылды. Бүгінде апалы-інідей сыйласқан  Фариза апай да, әкем де дүние дидарынан ғайып болды.    

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

254

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз