+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



«КӨЖЕГІНЕ ҚОЯННЫҢ ҰҚСАП КЕТТІҢ, ЕРКЕМ-АЙ....»


КазГуде оқып жүріп, әскери борышын өтеп келген бард ақын Табылды Досымов «Астаналық қыз» әнін алғаш орындаған кезде бүкіл жатахананың қыздары әншіге «құлады» деген аңыз тектес әңгіме бар. Бұл шамасы 1988 жылдар болатын. Әдепкіде еңгезердей, көзі аларған жігітке кірпияздана қараған қыз-қырқын жатаханадағы «Қаламгерлер» клубында айтылған оның осы ойнақы өлеңіне елтіп, соңына еріп кетті.  Жатахананың түні Табылдың әлдимен ұйқыға бөленген дәуренде өтті-ау, Алматыда. «Енді ол өлеңді алғаш жалдамалы пәтерде бірге тұрған кезде  ыңылдап жүргенін естідім,-  дейді белгілі журналист досы Арман Сқабылұлы. – Журналистика факультетінде оқитын қызға шығарылған ән еді.  Есімін айтпаймын, ол ғашығы қазір де бар. (Қанша қиылсам да есімін айтпай Арағам құрығымнан сырылып шықты. Көнбейді, көпті көргені көрініп тұр.Әбжалдығына салып, шаң қарпытып кетті))) )Бұл әуенге елтіп кеткен жігіттер бір шағын отырыста Табылдыға осы әнді үзбестен 17 рет орындатты деген де ел арасында әңгіме әлі күнге арагідік айтылып қалады. Осы әнді өз басым 2010 жылы Маңғыстауда өткен Табылды ағаның шығармашылық кешінде естідім. Әннің құдіретін қараңыз!  Талдырмаш  Айсұлу Есниязова -Гумарова гитарамен орындағанда залдағылар қол шапалақтап орынынан еріксіз тұрып кетті. Жуырда араға алты жыл сала Айсұлу ханумды телефонмен іздеп, қайта таптым-ау. Сөзге келген жоқ, бүгін ойнақы әнді өтінішім бойынша орындап берді.Айсұлудың өнерге мүлде қатысы жоқ. Мамандығы-инженер-геолог. Бір ауыз тілегімді  жерге тастамай, таспаға түсірткен Маңғыстау облыстық телеарнасының директоры, досым Жанахмет Ағыбаев, телеоператор Сағындық інім видеоны қолма-қол жіберді.Мың алғыс, бір тағзым! Тыңдаңыздар....  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

421

1 comment

  • Жексенбі, 17 Сәуір 2016 01:03 Аспирант

    Кәсіби әнші болмаса да Өте тамаша орындау!

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз