+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



«....БАРМАҚТАЙ БАҚ» БҰЙЫРМАҒАН ӘНШІ......


Қазақ өнерінде Иса Байзақовтың есімі қалықтағанымен, жеке өмірінде соры қалың болды. Әкесі Байзақтан тараған 21 бала дүниеге келгенімен, бәрі шетінен шетінеп апасы Зылиха мен Иса ғана қалады. «Сойылдың соққысы бірінші сорлыға тиеді» дейді ғой.Онан өзге анасынан тоғыз жасында айырылған Исаның жас күнінде сүйіп қосылған жары да қос баланы тастап, бақилық болды. Өнерге беріліп, ел жағалай концерт қойып, соғыстағы қазақ сарбаздарына «ұшақ сатып алып беремін» деп ақша жинап жүргенде, қос бүлдіршіні Ертіс пен Мақпузаның детдомға өткізілгенін біліп, жаны күйеді.Қос баласының ішерге тамақ, киерге киім таба алмай қиналған көрген Исаның     тағдыры шынында да ауыр болды. Алмағайып заманда азаматтық қоғам сан құбылған кезең де де Исаның қанаты қайырылды. Кеңестік дәуір оны тек «Одақтың сарай ақыны» секілді ұстауға жанталасты.  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

279

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз