+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



ҚАЗАҚТЫҢ АҚҚЫЗЫ....


«Нәзік саусақтарымен күй өнерінде өзіндік сарын, сара жол салып кеткен жалғыз Дина Нұрпейісова десек онда өнер алдында жасалған қиянаттың үлкені, келте шешім»,- деп айтуымызға тура келеді. Батыста Дина,  Арқада Аққыз (Мүгілсім) Ахметқызы шертпе күйдің хас шебері болды.(Қарағанды обл, Ақтоғай ауд) Мыңғырлаған малы көп байдың қызына бала күнінде ешкім дидарына тіктеліп қарамақ түгілі, жел болып келмеген. Еркешора болып өскен Мүгілсім әженің Аққыз атануында  да екі себеп болды. Бойын тік ұстайтын, киіміне қыл жабыспайтын тазайын күйші қыз әкесінен көзді ала-бері қораға ырғып түсіп, қозы-лақтарды жарлы-жақыбайларға таратып берген. Ақылды қызға елдің ықыласы кетіп АҚҚЫЗ атанды. Алайда, күйші қыздың соры тез қайнады. Большевиктер әкесін, қос ағасын қамап, төрт  түлікті  таран -таражға салды. Тұрмысқа барған жеріндегі жары ажал құшты. Сондықтан болар, Аққыз әженің әр қағысында шер жатыр. Құлақтан кірген күй жүрегіңнен шығады. Сол әсерлі сезінгіңіз келе ме? Онда жуырда «Білім және Мәдениет» телеарнасынан шығатын «Өмір жолын» жіберіп алмаңыз.     

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

187

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз