+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



«ДАВЛАТОВТАЙ ЖАЗА АЛАМЫН ШЫНДАСАМ....»


Сырт көзге өте сыпайы көрінгенмен, әкем Қази Данабаев кісі баласына оңайлықпен сыр шашпайтын. Сыр суыртпақтап әргі-бергі жан әлемін қызықтағысы келгендерді ақырын ғана әдебіне сай келе жатқан ауасымен қажет ауанына қарай «қалқытып»  жіберетін. Бірде маған  бір кітабы сәтті шыққанда үйде төргі бөлмеде сұқ саусағын шошайтып, «керек десең кітапты Сергей Давлатовтай жазамын!»,- деп әкем оңашада шалықтап,шарықтап кеткенінде бір-екі рет айтқан. Онысын Сыр өңірінің тіршілікте "мүсәпір" кейіптегі, поэзиядағы адуын ақыны Дүйсенбек Аяшұлына да айтқан екен. Ол қиялы ақын інісінің өлеңімен өрілді.

Оқыр екен ол дүниені кім қашан,

Мұндай арман менде және Әскеңде, (Әскербек Рахымбекұлы)

Давлатовтай жаза аламын шындасам

Ғамзатовтай ғұмырлы жыр жаз сен де!,- деп Дүйсекең әкемнің мінезін ашатып жыр-шумағын жазыпты осыдан 4-5 жыл бұрын. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

226

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз