+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



АРУАҒЫҢЫЗ КЕШСІН АПА, АЙЫПТЫМЫЗ......


Арқадағы шертпе күйдің шебері Аққыз Ахметқызының атағын тек Тоқырауын төңірегінің (қазіргі Қарағанды облысы) жұртшылығы ғана біледі. Кеңес дәуірінде Ақселеу Сейдімбек, Жарқын Шәкәрімұлы ағамыздың азды-көп газетке мақалаға, телеарнаға бағдарлама дайындағаны болмаса атағы асқақтамай қалды. Менің өзім де қағыз-шалыс «Аққыз күйші» дегенді әркімнен естігенім болмаса бір ай бұрын хабарсыз едім. Ақ әженің күйлерлі сондай ауыр, мұңылы. Анасы өлгенде шығарған «Жетім қыз» күйін  Аққыздың қайын жұртына барғанда естіген туған апасы «Құдай-ау мына күйің, жүрегімді дірілдетіп жіберді ғой. Шешеміз пәнилік болып кеткен жоқ па?»,- дегенде Аққыз домбырасын тастай салып, апасымен көрісіп, екі қыз егіл-тегіл болды дейді. Көрдіңіз бе ішіндегі шерін домбыраның қос ішегіне сыйдырып жіберген әженің құдіретін?! Біз кімбіз сонда, сондай күйшінің сазына құлақ түрмейтін. Қай құдайдың еркесізіз, Сізді айтамын?!Сізді айтамын, түйірін қалдырмай оқып отырсыз ғой осыны. Мен де әже  айыптымын.  Сала-құлаш «тіліміз» бар, алайда осындай күйшінің атағын насихаттауға, күйлерін дәріптеуге ай құдай-ай кейде ниетіміз, кейде  тілімізде жетпей жүрді. «МС Сайлаубекті» құндылық еткен кейбір ессіз жастарымыз (ана наушнигін алып, соткасын тастап)  ең болмаса осы Аққыз әженің күйлерін бір тыңдасыншы............       

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

275

1 comment

  • Дүйсенбі, 18 Сәуір 2016 23:29 Амантай

    Күйлерді қайдан жазып алсақ болады

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз