+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



КҮЙІКТЕН ТУҒАН КҮЙ


1930 жылдан бастап қазақтың басына түскен нәубет, қуғын –сүргін Арқа өңірінде ұзақ жылдар «күшінде» тұрды дейді. Сал-серілер атылды, мұңылы, қасіретті әндер «сотталды». Әкесі, қос ағасы қамалып кеткесін күйші Аққыз Ахметқызы алаңсыз домбыраны тартуды қойған. Арада көп жыл өткесін шері ішіне шиырланған Аққыз әже қолына қап алып үйдегілерге «тезек теріп келейін» деп жасырып домбырасын салып, екі- үш қырат әрі шығып, күйді төгілдірді дейді. Өмірі қолына тезек ұстамақ түгіл, саусағына қап іліп көрмеген  Аққызға  жерлестері таң қалыпты.  Мына «Қайран елім» күйі сол кезде іштен запыран болып төгіліп, домбыраның жеңішке ғана екі тініне байланып қалған. Құдай-ау күй сөйлейді.  Аққыз әженің бүгінде ізбасары болып жүрген қарағандылық қарындасым Гүлнаржан керемет тартады екен. Әрбір шертуі саналы адамның құлағынан кіріп, бойды алады, жүрегіне сөзсіз ақ жетеді.    

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

374

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз