+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



ГАЛАКТИКА....


Қызылорда - Қазақстанның астанасы болып тұрған кездер болса керек. Түн ортасында Мұхтар Әуезов тұратын пәтердің есігі қағылыпты. Есікті тоқпақтап тұрған әнші, актер Иса Байзақов екен.  Мұхаң  рухани інісінің жайсыз уақытта жүргенін айтып, үйге кіруді сұраған. Иса «Мұхтар Омарханұлы галактика деген не осы?,-деп қысқа сауал қойыпты. Жазушы галактиканың ұғымын босағада тұрып  ықшамдап түсіндіріп болған кезде, Иса жалт бұрылып «үйге кеттім»,-деп сатыдан төмен түсіп кетіпті. «Неге сұрадың?» деп дауыстап сұраған жазушыға ақын «Айтысқа керек еді»- деп жауабын шолт қайырған. Негізі, Исаның Иса болып танылуына Мұхтар Әуезовтің еңбегі ерен. Оған ғылыми, мәдени  бағыттардан бөлек, үстіне киетін киімі, ішім-жеміне дейін қолдау жасап отырған.     

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

205

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз