+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



БЕУ, ДҮНИЕ-АЙ....


Арқада күні кешеге дейін 7 түрлі домбыра болған. Өкінішке орай, сол домбыраға иелік жасаған өнерпаз ақындардың, дәулескер күйшілердің көбі 1937-38 жылдардағы саяси қуғыннан атылып өлген, дала кезіп аштықтан ажал құшқан. Сембек, Әбди күйші «ескіліктің қалдығы» деген теріс түсініктен оққа ұшса, Қақпан ақын қаңғып жүріп аштықтан көз жұмған. Жан түршігерлік жағдай. «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра». Сембек ажал құшарында кеудесіне домбырасын құшақтап жатқан деседі. Арқадағы 7 домбырадан алтауын үйінде сақтап отырған жазушы-журналист Кәмел Жүністегі қысқаша әр домбыраның тарихын айтып береді. Атақты күйші Аққыз әженің де ұзақ жылдар домбыра ұстамай қойғанына осы жағдай себеп болыпты.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

334

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз