+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



ЖҰПТАРЫ ЖАЗЫЛМАҒАН ҚОС ҒАШЫҚ

  • 20.04.2016

Сын сардары, қазақ театрының жанашыры Әшірбек Сығай жан жары Күләш Дулатбекқызымен махаббат шаһарына айналған Алматыда танысып, табысады. Күләш пен Әшірбек арасындағы бүршік жарған сезім ұшқыны талайды тамсандырды. Әшекең Күләшқа үй болып, үйленуді ұсынады. Төребай ақсақал мен жары Аққыздың 14 перзентінен тірі қалған 2 баланың бірі – Әшірбек болатын. Сығай әулетінің үлкен-кішісі үміт еткен жалғыз атқамінері осы бала болғандықтан, тезірек үйлендіріп, немере сүйгісі келеді.

Ал орыс мектебінде дәріс алып, Талдықорған өңірінде тәрбие өзегін бойына сіңірген Күләш қазақы салт-дәстүрді қатты ұстанатын Оңтүстік өңірге келін болуға алғашында жүрексінеді. Әшекеңнің қайсарлығынан болар, қос ғашық көп ұзамай, үйлену тойын жасап, шаңырақ көтереді. 1970 жылдары отау құрған жастар талай қиындықтарды басынан кешірсе де, бірге болады. Мінеки, 45 жыл бірге отасқан отбасында 3 алтын асықтай ұл тәрбиеленіп, бірнеше немеренің қызығын көреді.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау
Жарияланды: «Егіз жүрек»

Loading...

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз