+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



БАЛДАЙ БАЛЖАН..........


Күйші Аққыз әженің бұла өскен жастық шағынан бастап, тұрмысқа шыққанға  дейінгі кезеңін Ақтоғай ауданында Балжан деген 9 сыныпта оқитын еліктің лағындай көзі жәудіреген, мінезі ашық, сыпайы бір қазақтың қызы ойнады. Көркіне бөркі қандай жарасады?! Аққыз әжеден қалған «Қосбасар» күйінің екінші вариантын керемет ойнады. Түсіру алаңында «аға мына төбенің арғы жағында біздің үй тұр, жүріңіз қонақ боласыз»,-деп ұсыныс жасағанда еріксіз мырс еттім. Балалық, тазалық ниетімен-ақ айтып тұр.  Періште пейілі бұзылмаған сондай қызды көрдім ауылда. Әттең баламнан екі жас үлкендігі бар екен әйтпесе Балжан келін болса, арманы жоқ қайын ата болар едім. Баламның бойы тапалдау. Алайда,ұлымның  ойы мен сөзі кейде әке-шешесін он орап, ақырын ғана кеңес айтатындай көшелі сөзі бар. «Мына ұсынысыңыз әке ойыңыз ба әлде ойныңыз ба?»,-деп әзілдей бастасада білем ғой баламды кесімді «жоғын» айтса, қиялымның тіңін үзетінін. Тілімді тістем мен жүрмін.))) Түсірілім аяқталғасын аудан әкімінің атынан шығармашылық топқа кешкі ас берілді. Бір - екі үлкен кісілерден кейін сөз кезегі маған келгенде «Сіздер білесіздер ме, кешкі асты президентпен ішудің құрметіне ие болып отырғандарыңызды?»,-деп жан-жағыма қарап едім әкімшіліктің жігіттері «арамызда кім бар дегендей» бір-біріне көз жүгіртті.- Мына жанымда отырған Балжанжан аудандағы мектептің бірінде президент,-деп едім, ас ішіп отырған жұрт гу етті.  Оны Балжан емес, қасындағы құрбы қыздары түсірілім кезінде  шыдамсызданып маған айтып қалған.  Арман аралас әзіл ғой әшейін.... Алайда, қарағандылық ақын қарындасым Салтанат Кеңесбекова-Смағұловаға  Балжанды тілек етіп  сырттай тапсырдым. Себебі, Балжанжан ерекше білімді. «Алысқа шабатын тұлпардың бабы бөлек болуы тиіс, қараса жүр Салтанатжан»,-деп едім , ақын қарындасым ымымды бірден сезе қойды. «Ақтоғайға барсам, жолығамын»,-деген жауап келді жекеме.  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

835

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз