+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



СЫН САРДАРЫ ӘШІРБЕК СЫҒАЙ ХАҚЫНДА 10 ДЕРЕК

  • Бейсенбі, Сәуір 21 2016

Қазақ театр өнеріндегі ең беделді сыншы, қас білгірі әрі бірегейі болған Әшекеңнің көзі тірі болғанда биыл 69 жасқа толар еді. Таланты биік тұлғаның арамыздан кеткеніне 2 жылдан асты. Бірақ оның рухани қазынасы өлген жоқ.

Ғибратты ғұмыр иесінің өмір жолындағы 10 деректі назарларыңызға ұсынамыз.

 

 

 

1. Төребай ақсақал мен жары Аққыздың 14 перзентінен тірі қалған 2 баланың бірі – Әшірбек болатын. Сығай әулетінің үлкен-кішісі үміт еткен жалғыз атқамінері осы бала еді.

 

 

 

2. Негізгі мамандығы – актер.

 

 

 

 

3. Т. Жүргенов атындағы Ұлттық өнер академиясында жаңадан «Театртану» мамандығын ашты. Оның ісін бүгінде шәкірттері Мереуерт Жақсылықова, Айзат Қадыралиева, Нартай Ескендіров, Тимур Ахметов, Сымбат Генияровалар жалғастыруда.

 

 

 

4. Астанадағы Қазақ ұлттық өнер университетінде оқытушы қызметін атқарып, мұнда студенттерге арнап «Шабыт» журналын ашты.

 

 

 

 

 

5. Әшірбек Төребайұлы қандай ортада да қиыннан қиыстырып, сөйлей білетін шешендігімен дараланды. Осы бір табиғи қабілеті оны теледидарда да тағылымды хабарлар жүргізуге жетеледі. Соның бірі - «Жан сарай» бағдарламасы. Аталмыш бағдарламаға қатысқан кейіпкерлері туралы жазған Әшекеңнің туындысы артынша кітап болып жарыққа шықты.

 

 

 

 

6. Ұстаздық пен ғылымды құстың қос қанатындай ұштастырған Әшірбек театр өнеріне қатысты зерттеулер жасады.

 

 

7. Театр сыншысының қолынан «Сахна саңлақтары», «Актер әлемі», «Сыр сандық», «Сахнаға сапар», «Театр тағылымы» атты сүбелі шығармалар мен кітаптар шықты.

 

 

 

 

8. Әшекең аударма саласында да табысты еңбек етті. Ол тәржімалаған Гольдонидің «Күлкілі оқиға», Ш. Роквидің «Мазасыз әжей», В. Ежовтың «Бұлбұлдр түні», Мольердің «Еріксіз үйлену» атты пьесалары күні бүгінге дейін театр репертуарынан түскен жоқ.

 

 

 

 

9. Оқытушы болып жұмыс бастаған Әшекең мемлекеттік қызметте де абыройлы қызметтер атқарды. 1974-1994 жж. Мәдениет министрлігінде қызмет етіп, Т. Жүргенов атындағы Өнер академиясын басқарды. Сондай-ақ, Мәдениет министрінің бірінші орынбасары, 1979 -1999 жж. аралығында Қазақстан компартиясы Орталық комитеті «Мәдениет» бөлімінің жауапты қызметкері болды.

 

 

 

10.Әшірбек пен жары Күләш 45 жыл отасып, алтын асықтай Қанат, Сұңғат, Нұрзат атты 3 ұлды өсіріп, жеткізді.

 

 

 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау
1349





Пікір қалдырыңыз