+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Н. Тілендиев атындағы «Отырар сазы» оркестрінің концерті

  • 23.04.2016

Соңғы уақытта Қазақ ұлт аспаптар оркестрі мен ансамбльдерінің көбею үрдісі байқалады. Көпке дейін елімізде ұлттық музыкамызды насихаттайтын арнайы концерттік ұжым ретінде екі оркестр: 1934 жылы негізі қаланған Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестрі мен 1980 жылы құрылған Н. Тілендиев атындағы академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрі жұмыс жасап келді.

 

Осы ретте оркестрді басқаратын кәсіби дирижерларға да сұраныс артып отыр. Бұл бағытта Ш.Қажығалиев. Н. Тілендиев, А. Мырзабековтердің ізін басқан жас дирижерлар елеулі жұмыс атқарып, көпшіліктің ықыласына бөленіп жүр. Солардың бірі – «Отырар сазы» оркестрінің дирижері Мүсілім Әмзе ұлт аспаптар оркестрі репертуарын кеңейтуге өз үлесін қосып жүрген білікті маман. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау
Жарияланды: «Дала әуені»

Loading...

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз