+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



«Бұлақ көрсең, көзін аш»


Бірде қазақтың әйгілі академигі Қаныш Сәтбаев жас Иса Байзақовты Қоянды жәрмеңкесінде ән айтып жүргенін көріп қалып, өнеріне тәнті болады. Сонда талант иесіне: «Сен, Иса, бұлай ауыл аралап жүре берсең қалып қоясың. Семейге бар, саған оқу керек, музыкалық білім алу керек, сол кезде өсесің», - деп ағалық кеңесін берген деген хикая бар.

 

Қаныш ағаның сөзін көңілге тоқып, сөзге зерек, әнге әуес, жырға құмар Иса білімге бас қояды. Білімі мен білігі, өнері мен дарыны шыңдалған Исаның шығармашылығы бекіп, танымалдығы шартарапқа тарайды.

 

«Бұлақ көрсең, көзін аш» деген қазақтың жақсы мақалы бар. Ақын, композитор, әнші ретінде танылған қазақтың сегіз қырлы, бір сырлы дара перзенті Иса Байзақовтың бойынан үлкен талапты көрген Қанекең де қаракөз бауырына дұрыс жол сілтеп, ағалық ақ батасын берген.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

151

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз