+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



ҚАРШАДАЙ ҚАЗИ


Бала күнінен кеңшардың қым-қуыт тірлігіне араласып, шөп шауып, мал баққан  әкем Қази туралы 1960 жылы аудандық «Толқын» газетіне алғаш мақала шығыпты. «- Білмеймін, анығы түс мезгілі киіз үйдің ішінде отыр едік, үйдегілердің бірінің ебедейсіздеу әрекетінен шаңырақты тіреп қойған бағаны басыма соғып, «маңырап», сорам ағып ұзақ жыладым. 9 жастамын. Бір кезде әкем Соңғыбай тыстан ауданнан келген бір адаммен үйге кірді. Солқылым басылар емес. Айғыз-айғыз бетіме әкем бажырайып бір қарағасын «ақбоз ат пен  көкбоз атты тізгіндеп» бетімді сүрттім. Сөйтсем, әкейдің ертіп келген адамы аудандық газеттің тілшісі (Шәкірат Дәрмағанбетов болу керек. авт) екен. Мен туралы мақала жазуға келіпті.Көп ұзамай «Толқын» газетінде «Қаршадай Қази» деген мақала жарық көрді. Ауыл таныды, әсіресе әке-шешем қуанды»,- деп әкем Қазидың айтқан естелігі көкейімде қалыпты. Көп ұзамай әкемнің балаң, балдырған өлеңдері республикалық «Балдырған» журналында басыла бастады.      

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

191

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз