+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



ОТАН-АНА....


Денем түршігіп кетті, Батырхан Шүкенов дүниеден өтті дегенде. Одан бері міне тура шыр айналып, жыл өтіпті. Кеше ғана «Отан - Ана» әніне клип түсіріліп, туған бауыры, телеарнаның бас инженері Бақытжан Шүкенов балаша шауып келіп «Нұрлан, керемет етіп текст жазып, эфирге берші»,-деп қиылып аптығы басылмай, дискісін ұсынып еді. Одан бері 15 жылдың бедері өтті. Ал күні бүгін Батырханның жылы мен  Отан-Ананың тағдыры тәлкекке түсуінің бір мерзімге келуі пәлсапалық ілімге салса, кездейсоқтыққа емес, сәйкестікке балар едім. «Қазақша білмейді, туған жерден кіндік үзген»,-деген жел сөздің желкесіне Батыр бауырдың өзі осы әнімен «құм құйды». Иә, бірінші Алланың назарына, одан кейін орыстың дарынды әншісі Алла Пугачеваның талғамына  ілігіп, талқаны Мәскеуден одан әрі Америкадан бұйырды. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

245

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз