+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



ЖОЛЫ ҚИЫСПАҒАН ҚОС ҚЫЗ


Атақты қос күйші қыз Дина Нұрпейісова  мен Арқадағы шертпе күйдің шебері Аққыз Ахметқызының өнердегі жолы бір болғанымен, тағдыр қос алыпты бір-біріне қиыстырмапты.  Дина күйші 94 жасында 1955 жылы өмірден өтсе, Аққыз әжей 1987 жылы 87 жасында көз жұмды. Қос күйші бір-біріне кезікпесе де, бір-бірін сырттай білуі кәдік. Себебі, Дина Нұрпейісова шетелде өтетін өнер додасына бара алмайтын болғасын таңдау Аққыз Ахметқызына түскен. Алайда, Аққыз әжей де балаларының жас екендігін айтып, жесірліктің көп зардабын шеккесін, алыс жолдан ерікті түрде бас тартқан. Алматыдан Ақтоғайға келісімін алуға келген комиссия қанша жалынса да, әзиз ана балалары үшін ауылдан шықпаған. Енді, қос домбырашының күй өнеріндегі ортақ ұқсастықтарын күйші Жанғали Жүзбай ағамыз кәсіби тұрғыда талдасын. Тыңдаңыз. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

198

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз