+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



«ЕЛ БОЛАМЫН ДЕСЕҢ, БЕСІГІҢДІ ТҮЗЕ...»


  Танымал қазақ жазушыларының бірі Герольд Бельгер бір сұхбатында  «Мен қазақ жастарына таң қаламын. Олардың талғамы ауысып кеткен бе, жоқ әлде мен бе заманның көшінен қалып қойған, түсінбеймін. Басқасын қойып, ішкен тағамдарына зер салыңызшы. Бір қолында бутерброд, чипсы,   екінші қолында кола бөтелкесі, құлақта наушник ештеңе, ешкім керек емес. Басын бұлғақтатып сама-сау кетіп бара жатады. Біріншіден, сапасыз ас жастардың денсаулығын құртады. Екіншіден, еліктеу қазақ ұлтына тән қасиет. Неге үйдегі қазанда қайнатылған, табада қуырылған асты ішпейді. Ұлттық астан жерітіп қойған оны қай құдай?!  Ақыл келтелік, еліктеудің әсері бұл». Жарайды асты болдық, енді басқа, санаға кіріселік. Оны  ақын Мұхтар Шаханов ағамыздың таныммен тәпсірлеуге тырысайын. «Космополитизм» деген терминің кері ықпалын ақын ағам өлеңде де өмірде де жиі қолданып жүр. Әлемдік ұғымда «Америкалық» деген түсінік бар. АҚШ мемлекеті  әртүрлі ұлт, нәсілден құралғасын ол сөз санаға сыйымды. Енді біздер соған елтіп осыдан 5-6 жыл бұрын «Қазақстандық» деген түсінікті қалыптастыруға қанша тырысқанымызбен, айға ұшқанымыз жоқ. Төрткүл дүние аузынан сілекейі құрып «Қазақстандық ұлт» деп таң қалмады. «Жері байтақ, мұнайы мен ураны бар, қанша жерден қазба байлығы көп болса да уызын жарымай отырған дамушы мемлекет»,-деп қана біледі. Иә, сыртқы саясатта әдептен аспау үшін «Қазақстан - біздің керемет экономикалық әріптесіміз»,-деп дипломаттары мен саясаткерлері мақтауын асырған сайын ісіп-кеуіп отырамыз. Ал, ішкі жағдай өзіңізге белгілі ғой. Білмедім десеңіз тұп-тура Алматы мен Астанадан 70-80 шақырым қашықтықтағы  ауылға барыңыз. Көріңіз ақиқат пен көпшік мақтаудың арасын салыстырып. Сырт көз сізге мін айтқанды өзіне айып санайды. Өкініштісі, қазір әлемдік деңгейде қазақ жастарына саналық-ақпараттық  ықпал күшейіп кетті. Ұлттық құндылықты «мамбет»,  дәстүрді «бүжәй» көргендей дәрежеде  көзі аларып қаша жөнелетін өскелең ұрпақ өсіп келе жатыр. Ал шын мәнінде, ұлттық дәстүрмен, сана-сезіммен, ұлт мақтанышы және трагедиясымен алыстағы АҚШ-ты да, бүйірдегі Еуропаны да таң қалдыруға болады. Неге мысалы термелер, әндер, аңыздар,жырлар ағылшын тіліне аударылмайды. Бірен-саран аударылғандары  бар. Алайда, ол санаға ықпал ететін дәрежеде емес.  Аз-кем туындылар 2000-3000 данамен ғана шығарылған пышақтың қырындай ғана кітапша күйінде қалып қойып жатыр. Себебі, ол құндылық шетел тұрмақ елімізде «қадірсіз» болған. Мысалы, Арқадағы шертпе күйдің шебері  Аққыз Ахметқызының өмірде болған болмағанын әрбір 1000 адамның санаулысы ғана біледі. Бұл тек миллионнан бір ғана мысал. Неге қазақтың соры қалың?!         

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

206

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз