+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



БІРЛІГІ ЖАРАСҚАН ЕЛ ОЗАДЫ...

  • Жұма, Сәуір 29 2016

Өзінің даласындай дархандығы, пейілінің кеңдігімен өзге елдерден жер аударылған этнос өкілдерін халқымыз жақсы қарсы алып, бауырына басқаны тарихтан белгілі. Бір бөлмелі үйінің бір бұрышын, екі бөлмелі үйінің бір бөлмесін босатып беріп, өздерінен кем құрмет көрсетпей, бүтінін бөліп, жартысын жарып беріп аман-есен бейбіт күн кешті. 1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күнін еліміз жыл сайын үлкен дәрежеде тойлап келеді. Бүгінде үлкен жетістіктерге жеткен ұлт өкілдері қазақ халқын – адамгершілігі асқақ, арамдықтан ада, тумысынан таза, қиянаттан шет, өзі дара, жүрегі иманға толы кең халық деп бағалайды.

Еліміз бүгінде жүзден астам ұлт өкілдері мен ұлыстарын бір шаңырақтың астына татулық пен бейбітшілікте біріктіріп отырған үлкен шаңыраққа айналды. Мемлекетіміз көпұлтты ел ретінде бейбітшілікті, достастықты басқа елдерге үлгі етіп отыр. Қазақстан жерін мекендеп келе жатқан өзге ұлт өкілдерінің бүгінгі таңда біреуге жолдас, біреуге туысқан, біреуге ұстаз, енді біреуге үлгі тұтып, мақтан тұтар азамат болып кеткені рас. Сол азаматтарымыздың елімізге сіңірген еңбегінен бөлек, өз отанына, еліне, жеріне, қазақ халқына деген жанашырлығы, құрметі мен сыйлатығын айқындайтын біршама ойларын ұсынғанды жөн көріп отырмыз.

 

 

 

Асылы Осман

Қазақ тілін дамыту, оны шын мәнінде мемлекеттік тіл деңгейіне жеткізу ісіне белсене ат салысып жүрген белгілі қоғам қайраткері. Мемлекеттік тілге құрмет бірлестігінің төрайымы, Мемлекеттік тіл қоғамдық қозғалысының төраға орынбасары, Қазақстан халықтары ассамблеясының мүшесі. «Достық» орденімен марапатталған.

 

 

 

 

 

Геннадий Головкин

Қазақстандық аты әлемге белгілі кәсіпқой боксшы. Орта салмақтағы әлем чемпионы. «The Ring» журналына сәйкес P4P салмақ дәрежесіне қарамастан үздік боксшылардың ондығына кіреді. 2013 жылдың соңында WBA тұжырымы бойынша орта салмақ дәрежесіндегі қазақстандық суперчемпион Геннадий Головкин беделді американдық USA Today басылымының нұсқасы бойынша «Жыл боксшысы» атанған.

 

 

 

Герольд Бельгер

Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері. Прозашы, публицист, әдебиет зерттеушісі, сыншы, аудармашы. 1941 жылы ол отбасымен бірге неміс ұлтының өкілі ретінде Қазақстанға жер аударылған. Ол осыдан бастап Солтүстік Қазақстан облысындағы қазақ ауылында өсті. Осында ол қазақ тілін жетік меңгеріп шықты. Герольд Бельгер 53 кітаптың авторы. Қазақ әдебиетінің Бейімбет Майлин, Ғабит Мүсірепов, Әбдіжәміл Нұрпейісов секілді классиктерінің шығармаларын орыс тіліне аударды. Еңбектерінде ол Абайдың сан қырлы шығармашылық дарынына, ақындық құдіретіне, жаңашыл дәстүріне шолу жасады.

 

 

 

 

Максим Рожин

Әрі журналист, әрі фоторепортер Максим Рожин қазақ тілінің майын тамызып сөйлеген кезде кез-келген қазақстандықтың қызыға қарайтыны сөзсіз. Қазақтың сары баласы атанып кеткен Максимнің жүректен шыққан сөздері мен ойын ұсынсақ дейміз.

 

 

 

 

Марина Вольнова

Қазақстанның еңбегі сіңген спорт шебері, әйелдер арасындағы бокстан Қазақстанның 4 дүркін чемпионы, 2010 жылғы Азия чемпионы, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Сондай-ақ, ол 2012 жылы Лондонда өткен жазғы олимпиаданың қола жүлдегері.

 

 

 

Майя Веронская

Майя бесінші сыныпқа көшкенде ата-анасы оны Алматы қаласындағы қазақ мектебіне береді. Осы сәттен бастап Майя қазақ тілін үйренеді. Мектепті бітірген соң, әкесінің кеңесімен Абай атындағы ҚазҰПУ-дің қазақ филологиясы факультетінің «аудармашы-ісқағаздарын жүргізуші» бөліміне оқуға түседі. Міне, осыдан кейін Майяның телевидение саласына келуіне септігін тигізеді. Түрлі бағдарламаларды қазақ тілінде жүргізіп, бүгінде көрерменнің көзайымына айналып үлгерді.

 

 

 

 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау
1150





Пікір қалдырыңыз