+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



ҚЫЗ САҒЫНЫШЫ.......


«Осыдан 16 жыл бұрын 21 жасымда тұлымшағым желпілдеп республикалық «Ұлан» президенттік оркестрінің  әншісі болып жүрген кезім»,-деп бастады әңгімесін жерлес әншіміз Мәдина Сәдуақасова. Бірде маған оркестр жетекшісі Рүстем аға Күлшебаев ой салды. «-Неге әскери әндер ауыр, тек патриоттық бағытта айтылады. Қыздың сарбазға деген сағынышы қайда? Жібек сезімі, үлбіреген үміті қайда? Бір ән жоқ сенесің бе, Мәдина»,-деп айтты. Ой елегінен өткізіп қарасақ солай екен. Уақыт өте келе ойда жүрген «Ән сал, сарбазым» әнінің әуенін Рустем аға ыңылдап жүріп нотаға түсірді де, сөзін Оралхан Сәдуақасов жазды» Ойнақы, сарбазын сағынған арудың:

-Сайдың серке тасындай қатар тізілген,

Шеру тартқан көркіне елін сезінген

Ән салшы, сарбазым, назданып салған өзіңе әнім»,- сағынышы әнге діңгек,  сөзге тін болды.

 

Жарты жыл оркестрде айтылып жүрді де, көп ұзамай клипі түсірілді. Осы әнді әскер қатарында сап түзеп сарбаз болып жүрген, болған жігіттердің көбі орындап жүр. Сөзі де әні де қиысқан сөз жоқ әдемі ән. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

264

2 comments

  • Сейсенбі, 03 Мамыр 2016 16:56 Самал

    Оқырманның пікірін қабылдамайтын болсаңыздар, оқырманға жарнама жасап, материалдарыңызды несіне ұсынасыздар!

  • Сейсенбі, 03 Мамыр 2016 16:11 Самал

    Шынымды айтсам, "Шеру тартқан көркіне елін сезінген" деген сөйлемнен ештеңе түсінбедім. Қойыртпақ сөйлем.

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз