+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



"ҒАШЫҚ ЕДІМ ҚАЙТЕЙІН...."

  • 03.05.2016

Ақын Қасым Аманжоловтың тағдыры да, махаббаты да қызық. Досы Әнуардың үйіне ас ішуге келіп, келіншегі Сақыпжамалға ғашық болып қалады.Әскери қызметтегі Әнуар досы жұмыс бабымен Киевте жүргенде туыстары ұлардай шулап  «Ойбай, Әнуар, сен ол жақта оқып жүргенде мына жақта Қасым деген қайдағы біреу әйеліңді айналдырып жатыр. Өлеңдерінің бәрі Сақыпжамалға арналған делінген».Әнуардан жауап хат келгенде туыстары тіпті таң қалыпты. «Сендердің айтқандарың қайдағы бір Қасым емес, ақын, ақын болғанда да, танымал ақын. Ал ақынға қашан да алдында бас иетін муза керек. Ғашық болған екен, онда тұрған не бар?!», - дейді. Араларында сезімнің барын білсе де Әнуар досы зайыбының бетіне айып етіп баспаған. Әнуардың отбасы Свердловскіге көшкенде бәрінен бұрын Қасым тағатсызданып, аласұрыпты. Мына сағыныш өлеңі сонда туған.

Қайда жүрсең, аман бол,

Өміріңді тілеймін.

Сенен басқа, сертім сол,

Ешбір жанды сүймеймін,- деп Свердловскіге кеткен Сақыпжамалға арнады дейді.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау
Жарияланды: «Егіз жүрек»

Loading...

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз