+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



ҚЫЗ МАХАББАТЫ.....


Фариза Оңғарсынованың «Қыз махабатты» өлеңіне әдемі үйіріп алып кетер ән жазған Табылды Досымовқа ақын апай разы болып бір кездескенде апалық ризашылығын білдірді дейді. «Мұқағалидың «Ұнатамын мен сені» өлеңін өміршең еттің, оны поэзияға құрметің деп білемін. Менің «Қыз махаббатыма» жазған әнің де жастардың аузынан түспей жүр. Талантты інім, тілікшемін»,-деп апалық батасын, ақындық алғысын жеткізген. Фариза апайдың осы сөзіне шабыттанған Табылды аға көп ұзамай атақты ақынның «Мен саған ғашық емес ем» өлеңіне сөз жазып, әдемі бір әуенді әлдиледі. ҚазГУ-дің жатаханасы 1986-87 жылдары осы бірнеше әннің әлдиімен талай түнде сезімнің тінін шертіп, махаббатың мұңын жұлдызы жымыңдаған көк аспанға қалықтатты дейді. Табылды ағаның ізбасар інісі, маңғыстаулық азамат Есенбай Құлидың орындауында қос таланттың «Қыз махаббатын»тыңдасаңыз мархаббат!

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

781

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз