+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



ЖОҒАЛДЫҢ ҚАЙДА, ЖОҒАЛДЫҢ ҚАЙДА ҚҰЙҒЫТЫП......


Өте талантты деген кейбір танымал ақындардың тағдыры тылсым ба екен беймәлім,өмірі өлеңіне  ұқсап кетеді. Мәселен, қызылордалық ақын Әділ Ботпанов:

Өмірзая жұлдыз болып келем мен,

Жарық жыр боп аспаныңда жылт етем.

Салыстырсаң маған біткен өлеңмен,

Тіршілігің тек әншейін қырт екен,- деп өлең жазған ақын ізім-ғайып жоқ болды. 1996 жылы жоғалған ақынның сүйегі табылмады. Не өлісі не тірісі белгісіз. Енді тағы бір дәлелді қараңыз.  36 жасында жасындай жарқ етіп жоқ болған Ақ Жайықтың ақыны Сағат Әбдуғалиев «Тәтті мұң» өлеңінде:

Желбіреп жерге ақ көйлек,

Жоғалдың қайда,

Жоғалдың қайда,

Жоғалдың қайда құйғытып,-деп қызға деген сағынышпен бірге тағдырын айтты ма кім білсін?! 1983 жылдың желтоқсанында көлік жолынан сайға құлап,  көктем шыққанда ғана мал баққан ауылдың екі баласы сүйегін тауып алады. Поэзияны пырақ етіп мінген ақынды Табылды Досымов  рухани руласын көп жоқтады. Кітабын шығартты. Өлеңіне ән жазды. Дүние дидарынан ғайып болған қос ақының әнін Есенбай Құлиев орындайды.

Кітаптағы Табылды Досымовтың Сағат аға туралы естелігі досы Бижан Қалмағанбетовтің жеке мұрағатынан алынды. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

238

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз