+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



ДАРЫН МЕН БАҚАЙ ЕСЕП БАҚТАЛАСТЫҚ....

  • 04.05.2016

1934 жылы биші Шара Жиенқұлова мен жары, актер  Құрманбек Жандарбековті театрдағы бәсекелестері үстінен «арақ ішеді» деп нақақтан-нақақ айыптап, дөңгелек арыз жазады. Өнердегі әріптестеріне өкпелеген жас отбасы біржола Қырғызстанға көшіп кетуге бел байлайды. Ертең жол жүреміз деп отырғанда олардың  ескі үйінің алдына ЦК-ның қара көлігі  тоқтапты. Сөйтсе, Темірбек Жүргенов нарком қызметіне тағайындалып,Шара мен Құрманбекті ертіп келуді шопырына тапсырған екен. Екеуі кабинетіне кіріп келгенде Темірбек орнынан ұшып тұрып, жылышұрай амандасады. Шараға дереу еліміздің түкпір-түкпірінен би өнерінің үлгілерін жинау керектігін айтады. Әлгі екеу күмілжіп, Қазақстаннан кетуге бел буып отырғанын естіген Темірбек дереу хатшы қызды шақыртып Шараға «Қазақстанның бас бишісі» деген қызметке приказ шығартыпты. Салы суға кетіп жүрген Құрманбектің де актерлік шеберлігіне жоғары баға берген. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау
Жарияланды: «Өмір жолы»

Loading...

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз