+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



БІР ҮЙІР СӘЙГҮЛЕККЕ БАҒАЛАНҒАН СӘУКЕЛЕ...


Тоқырауын төңірегін қоныстанған күйші Аққыздың әкесі Ахмет ауқатты болған. 1000-нан астам түйе, 13 мың жылқы, 10 мыңнан астам қой өргізген Ахметке осыншалық байлық атадан балаға мұра болыпты. Ахмет бай балаларының арасында сүт кенжесі, қылықты қызы Мүгілсімді ерекше еркелеткен. Бала күні назға толы Аққыз бірде ауылына келген татар хәм өзбек саудагерлерінің ұсынған сәукелесіне көңілі ауыпты. Әкесі ауылда болмағасын жасөспірім қыз өзі шешім қабылдап саудагерлердің сұраған бір үйір жылқысын алдына салып жіберген. Алыстан Ахмет бай ауылға беттеп келе  жатқанда көрікті қызының сәукелесіне көзі түсіпті. «Қандай тамаша жарасып тұр, қызым»- дегенде- Аққыз «тамашасы, тамаша әке сәукеленің алайда құны бір үйір жылқы болды дегенде әкесі «Қидым қызым»деп маңдайын иіскеген дейді.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

270

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз